«Өлтір»: Cотта Руслан Берденовке жасалған қастандықтың тағы бір видеосы көрсетілді

Тамыз 15, 2025 - 17:54
«Өлтір»: Cотта Руслан Берденовке жасалған қастандықтың тағы бір видеосы көрсетілді
Фото: видеодан кадр

Берденовке жасалған қастандыққа қатысты тағы бір видео сотта көрсетілді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Сот отырысында әкімдік ғимараты ішіндегі бейнебақылау камераларына түсірілген жаңа жазба ұсынылды. Видеода күзетшілердің шабуыл сәтіне қалай әрекет еткендері анық көрінеді. Олардың бірі бірден құқық қорғау органдарына хабар берген.

Жазбада атыс дыбысы мен “Өлтір!” деген айқай да естіледі.

Бұған дейінгі сотта айыпталушы Ернар Жиенбай әкімнің орынбасарын қорқытқысы келгенін айтқан болатын. Алайда ол шабуыл кезінде біреудің “Өлтіру керек” дегенін естігенін де мәлімдеді. Бұған дейін сотта шабуыл сәті бейнетаспадан көрсетілген еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow