Өскеменде қоқысқа толы үш бөлмелі пәтер өртенді (ФОТО)
Өскеменде қоқысқа толған пәтер өртеніп, 60 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өрттің шығуына қоқыстың тұтануы себеп болған. Үш бөлмелі пәтер тұрмыстық бұйымдар мен қажетсіз заттарға толып, қозғалу мүмкін болмай қалған. Өрт сөндірушілер жалынды өшірумен қатар жиналған қоқыстарды тазалап, сыртқа шығарды.
Құтқару қызметінің жедел жұмысының арқасында өрт көршілес пәтерлерге таралмады. Зардап шеккен адамдар тіркелген жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және өртке себеп болуы мүмкін жағдайлардың алдын алуға шақырады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0