«Өзі де жарақат алды»: Шавкаттың қарындасы жеңгесіне қатысты мәлімдеме жасады

Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова жеңгесінің жол апатына түсуіне қатысты әлеуметтік желіде пікір білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Сора Рахмонова жеңгесінің жол апатынан жақын құрбыларынан айырылып, өзі де жарақат алғанын айтып өтті.
«Ағамның отбасындағы жағдайға алаңдап, хабарласып жатқандарға Алла разы болсын! Мұндай ауыр жағдай ешкімнің басына келмесін! Ертең не боларын бір Алла біледі...
Жеңгеме Алла жар болсын! Екі бірдей жақынынан айырылып, өзі де жарақат алды.
Қайтыс болған жандардың иманы жолдас болсын! Жандары жәннатта болғай!» – деп жазды Шавкат Рахмоновтың қарындасы.
Сіздің реакцияңыз қандай?






