Парламент тараған соң бірнеше шенеунік қызметінен кетті

Маусым 30, 2026 - 17:27
chat_bubble  0 visibility  2
Парламент тараған соң бірнеше шенеунік қызметінен кетті
Фото: Ақорда

Президент бірқатар кадрлық өзгерістер жасады. Мемлекет басшысының өкімі мен жарлығына сәйкес екі жоғары лауазымды қызметкер қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Президенттің өкімімен Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Әмірбек Оспанбеков Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілдігінің басшысы қызметінен босатылды.

Айта кетейік, бұл кадрлық өзгерістер Парламент жұмысына қатысты саяси өзгерістер жарияланғаннан кейін белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0