Павлодар облысында қайғылы жағдай болды

Тағы екі кәмелет жасына толмаған жасөспірім зардап шеккен.

Қараша 24, 2024 - 22:32
 0  37
Павлодар облысында қайғылы жағдай болды
Фото: istockphoto.com

Павлодардың қақ ортасында болған жол-көлік апатынан кәмелет жасына толмаған қыз бала көз жұмды. Тағы екі жасөспірім түрлі жарақат алған. Оның бірі жансақтау бөлімшесінде жатыр. Облыс орталығындағы Назарбаев даңғылында жол-көлік апаты болып, салдарынан 16 жасар қыз бала қайтыс болып кетті.

Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенова хабарлады.

— Түнгі уақытта Назарбаев даңғылында жантүршігерлік жол-көлік апаты болып, 16 жасар жолаушы қыз бала оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі кәмелет жасына толмаған жасөспірім зардап шеккен. Оның бірі — 15 жасар қыз бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімшесінде жатыр. Ал 14 жасар ер бала өміріне қауіп төндірмейтін жарақаттармен емдеу ұйымына жеткізілді», - деп мәлімдеді С. Шәкенова.

Апат кезінде кәмелет жасына толмағандардың жанында заңды өкілдері болмаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0