Павлодарда бес жасар бүлдіршін терезеден құлап кетті

Жеткіншек көпқабаттың үйдің екінші қабатынан құлаған. Дәрігерлер зардап шегушіні облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесіне жатқызды, деп жазады saDaq.kz.
Павлодар қаласында бүгін кешкілік бес жасар қыз бала ашық тұрған терезеден құлап кеткен.
"2020 жылы туған қыз бала тұрғын үйдің екінші қабатындағы ашық тұрған терезеден абайсызда құлап кеткен. Асфальтті алаңға арқасымен түскен. Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен баланы облыстық ауруханаға жеткізіп, кезекші хирург қарап шықты. Зерттеулер нәтижесінде кеуде омыртқаларының компрессиялық сынуы, құйымшағының көгеруі анықталған. Қыз травматология бөлімшесіне жатқызылды. Қазіргі уақытта барлық диагностикалық және емдеу іс-шаралары көрсетіліп жатыр", — деп хабарлады облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметінен.
Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенованың айтуынша, бұл жыл басынан балалардың терезеден құлауы бойынша төртінші оқиға.
Сіздің реакцияңыз қандай?






