Павлодарда блогер тірідей өртеніп кете жаздады

Маусым 16, 2026 - 17:11
chat_bubble  0 visibility  1
Павлодарда блогер тірідей өртеніп кете жаздады
Фото: видеодан скрин

Павлодарда жас қыздың сөмкесіндегі пауэрбанк жарылып, оны күйік шалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқыс жағдай фитнес клубтың бейнекамерасына түсіп қалған. Оқиға жаттығудан кейін үйіне қайтуға дайындалып жатқан кезде болған. Жас қыздың сөмкесінен кенеттен қою түтін шыға бастаған. Ол сөмкесін алмақ болған сәтте пауэрбанк жарылып кеткен. Салдарынан оны жалын шарпып, қолы мен басын күйік шалған.

Спорт клубының қызметкерлері көмек көрсетуге тырысқанымен, тек сыртқа шығарғаннан кейін ғана өртті толықтай сөндірген.

Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның алған күйіктерін ауыр деп бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0