Павлодарда шенеуніктер құны 500 мың теңгеден аспайтын үйлерді 16 есе қымбатқа сатып алған

Мамыр 14, 2024 - 14:45
Мамыр 14, 2024 - 14:46
Павлодарда шенеуніктер құны 500 мың теңгеден аспайтын үйлерді 16 есе қымбатқа сатып алған

Павлодар облысының прокуратурасы халықты оңтүстік аймақтардан солтүстіктегі халқы аз елді мекендерге қоныстандыру жобасын майшелпекке айналдырған топтың жолын кесті, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Белгілі болғандай, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру аясында бюджет қаражатын иемденудің тұтас схемасы жасалған. Соның ішінде шығынның жартысын алу үшін үйлердің құнын 8 миллион теңгеге дейін жасанды түрде көтерген (үй сатып алу үшін 50%, яғни тек 4,2 миллион теңге өндіріледі).

Іс жүзінде қараусыз қалған үйлер 500 мың теңгеден бастап сатып алынған.

Нәтижесінде қоныс аудару тек қағаз жүзінде ғана орындалады, халық көшіп кеткендіктен, облыста 59 елді мекен жойылған.
Тек 6 ауданның өзінде 600 миллион теңге жымқырылған.

«Прокуратура тексеру материалдарын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркеді. Тергеу амалдарын арнайы прокурор жүргізіп, тексеру жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow