Павлодарда төрт жасар қыз терезеден құлап кетті

Тамыз 21, 2026 - 11:16
chat_bubble  0 visibility  9
Павлодарда төрт жасар қыз терезеден құлап кетті
Фото: Ашық дереккөз

Павлодарда төрт жасар қыз екінші қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға 18 тамызда Павлодар қаласында болған. Төрт жасар бүлдіршін екінші қабаттағы ашық тұрған терезеден құлап кеткен.
Оқиғадан кейін бала Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер бүлдіршіннің жағдайын тексеріп, бірқатар диагностикалық зерттеу жүргізген.

Мамандардың айтуынша, қыз бала ауыр жарақат алмаған. Оны ауруханаға жатқызуға қажеттілік болмаған.

"Қыз бала тексеріліп, қажетті диагностикалық зерттеулер жүргізілді. Ауруханаға жатқызуға көрсетілімдер анықталған жоқ, ол амбулаториялық бақылауға жіберілді", – деп хабарлады Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0