Павлодарда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Шілде 8, 2026 - 10:20
chat_bubble  0 visibility  2
Павлодарда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Фото: Видеодан скрин

Павлодар қаласында жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйелді жедел жәрдем көлігі қағып кетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға Академик Сәтбаев көшесіндегі бағдаршаммен реттелмейтін өткелде болған. Әлеуметтік желілерде оқиға орнында асфальтта жатқан зардап шеккен әйелдің видеосы тарады. Осы жағдайға байланысты Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы түсініктеме берді.

Мекеме мәліметінше, реанимобиль бірінші санаттағы шұғыл шақыртуға бара жатқан. Көлік арнайы жарық белгілері мен дыбыстық сиренасын қосып қозғалған кезде жаяу жүргіншілер өткеліне әйел шығып кеткен.

Жедел жәрдем қызметкерлері соқтығыс болғаннан кейін зардап шеккен әйелге оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізген. Ал бастапқы шақырту басқа жедел жәрдем бригадасына тапсырылған.

Жедел жәрдем станциясының мәліметінше, жүргізушінің әрекетіне құқықтық бағаны полиция береді. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0