Перизат Қайраттың тергеу изоляторында таяқ жегені өтірік болып шықты

Полиция департаменті сол күні түсірілген видеоны жариялады

Шілде 10, 2025 - 11:10
Шілде 10, 2025 - 11:12
Перизат Қайраттың тергеу изоляторында таяқ жегені өтірік болып шықты
Фото: Видеодан кадр


Перизат Қайраттың СИЗО-дағы соққыға жығылдым деген мәлімдемесіне Астана полициясы жауап берді

2025 жылғы 9 шілдеде Астана қалалық сотында Перизат Қайрат ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті. Сол кезде бұрынғы қайырымдылық қорының басшысы көзіне жас алып, тергеу изоляторында (СИЗО) қызметкерлер тарапынан қысым көргенін айтып, шағымданды.

Алайда бүгін, 10 шілдеде Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл мәлімдемеге ресми түсініктеме беріп, оқиғаға қатысты бейнебақылау жазбаларын жариялады.

Ресми мәлімет бойынша, 9 маусымда Перизат Қайрат прокуратура органдарына арыз түсіріп, онда СИЗО қызметкері камера есігін күшпен жауып, оны есік арасына қысып алғанын, осыдан жарақат алғанын айтқан.

Полиция мәліметінше, бұл арыз бойынша барлық қажетті материалдар жиналып, Астана қаласының Полиция департаментіне жолданған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында бейнебақылау жүйесіндегі үздіксіз жазба кадрлары қаралып, қызметкерлер мен куәгерлерден жауап алынған.

Нәтижесінде, тергеудің алғашқы қорытындысы бойынша:

«Перизат Қайраттың камера есігі жабылған сәтте қызметкерлер тарапынан дене жарақаты салынды деген уәжі расталмады. Бұл оның өз өтінішінде көрсеткен уақытта түсірілген бейнебақылау жазбасымен дәлелденеді», – делінген департамент хабарламасында.


Қазіргі таңда мамандандырылған сараптама тағайындалып, тергеу жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow