Президент білім саласына елеулі үлес қосқан бір топ ұстазды марапаттады
Марапатталған ұстаздардың аты-жөні жарияланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына елеулі үлес қосқан бір топ ұстазды марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Парасат» орденімен
- Жаңбыршиева Ұлжан – Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ доценті;
- Мұсайбеков Рашид Қабдулқалиұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ сеньор-лекторы.
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы
- Әбдірайымова Гүлнар Фазылкәрімқызы – «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі» КМК оқытушысы, Астана қаласы;
- Ванов Қуантқан Рзаұлы – еңбек ардагері, Маңғыстау облысы;
- Губаева Мүгілсін Мәулетқызы – еңбек ардагері, Алматы қаласы;
- Жәмішева Сәуле Абрашқызы – «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ әдіскері, Алматы қаласы;
- Райымбекова Ұлжан Кеттешқызы – «№ 7 «Тұран» мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі, Түркістан облысы;
- Серекеева Күміскүл Дүйсенқызы – «М. Дүйсенов атындағы мемлекеттік жалпы білім беру № 15 мектеп-лицейі» КММ мұғалімі, Қызылорда қаласы;
- Талқанбаев Мұхтар Дәулетұлы – «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернаты» КММ мұғалімі, Жамбыл облысы;
- Темірболатова Әлия Есқалиқызы – «Ж. Жабаев атындағы № 161 лицей» КММ мұғалімі, Алматы қаласы;
- Шералхан Гүлмира – «Т. Тәжібаев атындағы № 47 мектеп-гимназия» МКК мұғалімі, Шымкент қаласы.
«Құрмет» орденімен
- Мергенбаева Назигүл Оразбайқызы – «№ 206 мектеп-гимназия» КММ мұғалімі, Алматы қаласы;
- Оспанова Айман Қадырқызы – «Ғ. Мүсірепов атындағы № 86 мектеп-гимназия» КММ мұғалімі, Алматы қаласы;
- Тазабекова Рахат Қасымқызы – еңбек ардагері, Алматы облысы;
- Таңатқанова Нағима Жақыпқызы – еңбек ардагері, Алматы қаласы;
- Төлепова Ләззат Жайшылыққызы – «Облыстық арнаулы мектеп-интернат» КММ директоры, Атырау облысы;
- Хамзина Шынар Ғабдісаматқызы – «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ тәрбиеші-анасы, Батыс Қазақстан облысы.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
- Әлиева Сәлима Темірболатқызы – «№ 35 мектеп-лицей» КММ мұғалімі, Батыс Қазақстан облысы;
- Базарбаева Сәруар Оразқызы – «Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» КМҚК оқытушысы, Солтүстік Қазақстан облысы;
- Жалпақов Талғат Теміржанұлы – «Ақпараттық технологиялар колледжі» КМК оқытушысы, Павлодар облысы;
- Жұмағалиева Шырын Рахымбайқызы – «К. Ушинский атындағы № 7 орта мектеп» КММ мұғалімі, Талдықорған қаласы;
- Забиякина Оксана Сергеевна – «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Н. Смағұлов атындағы мектеп-лицейі» КМК мұғалімі;
- Құдайбергенова Татьяна Сергеевна – «Школа Будущего «Әділет» балабақша-мектеп кешені жеке меншік мекемесінің мұғалімі, Қарағанды облысы;
- Қыдырпатшаева Күлзира Орзанбайқызы – «№ 8 гимназия» КММ мұғалімі, Жезқазған қаласы;
- Омарбекова Айгүл Төлеутайқызы – «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК оқытушысы, Абай облысы;
- Рахымбаева Жанар Дайырқажықызы – «SOS Астана балалар ауылы» ЖББМ тәрбиешісі.
«Шапағат» медалімен
- Лукашевич Александр Аркадиевич – «Urban School» ЖШС директоры, Астана қаласы;
- Шаңбаев Дархан Түгелбайұлы – «Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі» МҚК оқытушысы.
Сіздің реакцияңыз қандай?






