Президент қолынан марапат алған жас математикке Cambridge пен Imperial таласуда
Халықаралық интеллектуалдық аренада Қазақстан білімі тағы бір биікті бағындырды. «SPECTRUM» халықаралық мектебінің оқушысы, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Марғұлан Шарел әлемдік ең беделді оқу орындарының қатарындағы Imperial College London (№2) және University of Cambridge (№5)университеттеріне грантқа түсті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Марғұлан Шарел - IMO халықаралық математика олимпиадасының үш дүркін жеңімпазы. Сондай-ақ, Марғұлан 2026 жылғы Республикалық олимпиадада математика пәні бойынша Абсолют бірінші орынды иеленіп, еліміздің ең үздік жас математигі мәртебесіне ие болды.
Марғұланның зяткерлік әлеуеті мен ерен еңбегі мемлекет деңгейінде жоғары бағаланған. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен арнайы кездесуде болып, Мемлекет басшысының қолынан беделді марапат иеленді. Сонымен қатар, 2024 жылы олимпиадалардағы жетістіктері мен өзге оқушыларға жасаған тәлімгерлігі үшін Jibek Joly телеарнасының «Жақсы адам» сыйлығының лауреаты атанды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0