Президент Михаил Шайдоровты Олимпиада чемпионы атануымен құттықтады

Ақпан 14, 2026 - 09:27
 0  0
Президент Михаил Шайдоровты Олимпиада чемпионы атануымен құттықтады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Мемлекет басшысы спортшының мәнерлеп сырғанаудан ел тарихында тұңғыш рет алтын медаль жеңіп алуын тарихи маңызы зор жетістік деп атап өтті. Президент атлеттің жоғары шеберлігі мен жеңіске деген ерік-жігеріне ерекше тоқталып, алғыс білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев барша спорт жанкүйерлері мен ел азаматтары бұл айтулы жетістікті мақтан тұтатынын жеткізді.

Сондай-ақ, Мемлекетт басшысы Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жаттықтырушыларға, Конькимен мәнерлеп сырғанау федерециясына және тиісті министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді.

Президент Олимпиада чемпионына алдағы уақытта да толайым табыс пен жаңа жеңістер тіледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0