Прокуратура Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың ісі неге жабылғанын айтты

Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты істің неге жабылғанын айтып берді, – хабарлайды Aikyn.kz.
Алматы облыстық Полиция департаментінің тергеу басқармасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтау мақсатында тергеу жүргізілді. Жиналған дәлелдер, сараптамалық қорытындылар мен басқа да материалдардың негізінде Ғайыпбаев Нұрқанаттың өлімі өзіне қол жұмсау (суицид) салдарынан болғаны анықталған. Үшінші тұлғалардың ықпалымен суицид жасауға итермелеу фактілері анықталған жоқ”, – деп мәлімдеді прокуратура.
Ведомствоның мәліметінше, осыған байланысты биыл 17 маусымда тергеу органы қылмыстық-процессуалдық кодекстің талаптарымен істі тоқтату туралы шешім қабылданған.
Бұған дейін Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов Айтбек Амангелдімен бастапқыда бірге жұмыс істеген, бірақ Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты "өзі асылып өлді" деген сөзіне келіспей, арақатынас үзген. Ол адвокат Мейірман Шекеевке жүгініп, істі қайта қолға алуға ықпал еткен. Іс бастапқыда "Адам өлтіру" бабымен тергелгенімен, кейін "Бұзақылыққа" өзгертілген.
Сіздің реакцияңыз қандай?






