Прокурор Сұлтан Сәрсемалиевті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады
Прокурор Атырау облысында бір отбасының төрт мүшесін өлтірді деп айыпталып отырған Сұлтан Сәрсемәлиевті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бүгін Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесін өлтіру ісі бойынша сот жарыссөзі аяқталды.
Прокурор Сұлтан Сәрсемәлиевті тағылған барлық айып бойынша кінәлі деп тануды сұрады. Төрт адамның өлімінен бөлек, оған ұрлық, алаяқтық, мал ұрлығы, сондай-ақ құжаттарды заңсыз алу және жасыру бойынша айып тағылған.
Прокурор соттан қылмыстардың жиынтығы бойынша сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0