«Пәктігіңді тексерейік»: Атырауда 14 жастағы қызға анайы хат жазған жігіттің үстінен іс қозғалды
Клиент қыздарға солай жазып, олардың пәктігін тексеруді ұсынғаны және интимдік тақырыптарды қозғаған.
Атырауда тамақ жеткізумен айналысатын жігіт қыз-келіншектерге, жасөспірімдерге интимдік сипаттағы фотолар мен хаттар жолдаған.
Атыраулық донер таситын жігіт ватсап арқылы тапсырыс берген қыз-келіншектердің фотосын өзіне жүктеп, оларға интимдік фотолар мен хаттар жолдайтын көрінеді. Бұл туралы қоғам белсендісі Рүстем Баязиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
"Донер жасайтын жігіт мектеп оқушысына интимдік хаттар жазып, кездескісі келетінін айтқан. Оның нөмірін қара тізімге жіберсе де, басқа әлеуметтік желіден тауып алып, артынан қалмаған. Осы постты шығарғаннан кейін маған бірнеше қыз-келіншектер жазып, осыған ұқсас жағдайлар болғанын айтты. Олардың барлығы бүгінгі күні полицияға арызданды",- дейді Рүстем Баязиев.
Блогердің айтуынша, жігіт қыз-келіншектерді ватсап арқылы мазасын алуды бұрыннан әдетке айналдырған. Ол клиенттерге пәктігін тексеруді ұсынғаны және интимдік тақырыптарды қозғағаны анықталды. Зардап шеккендер арасында 14 жастағы қыз да бар.Кәмелетке толмаған қыздардың бірінің анасы полицияға арыз жазған.
Атырау облысы полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Полиция 25 жастағы күдіктіні ұстаған. "Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", - деп жауап берді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?