«Құда болмаған қай ел қалды»: Желіде Кореядан келген құдалар қызу талқыға түсті
Әлеуметтік желіде Кореядан келген құдалардың видеосы тарап, қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоға 70 мыңға жуық лүпіл басылып, 1800-ден астам пікір жазылған. Қаралым саны 1 миллионнан асып кеткен.
«Кореямен құда болып жатырмыз. Ханзада Жумонгтың ұрпақтары», деп жазды автор.
Ал, оқырмандар болса, екі елдегі той ерекшелігін айтып, түрлі пікір қалдырған.
«Кореяда той жарты сағат болады, біздегі 6 сағат тойды көріп таңғалған шығар», «көп адамды көріп, шошыған болар», «өте мәдениетті халық», «кореялықтар да әйелінің айтқанымен жүреді екен ғой», «құда болмаған ел қалмады-ау», «той біткенше әрең отырған шығар» деп жазған желі қолданушылары.
@balausa_4566
Сіздің реакцияңыз қандай?