Референдум-2026: Бюджет шығыны 15,5 миллиард теңгеден асуы мүмкін
15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыұлттық референдум өтеді. Аталған саяси науқанды қаржыландыру мәселесі Парламент Сенатының кулуарында айтылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтің айтуынша, алдағы референдумның бюджеті бұған дейінгі көрсеткіштерден жоғары болуы ықтимал. Еске салсақ, өткен референдумға мемлекет қазынасынан 15,5 млрд теңге жұмсалған болатын. Шығынның өсуі адам саны мен инфляция деңгейімен байланыстырылды: «Халық саны көп болғандықтан, тиісінше, сайлау учаскелері де көбірек қажет»— деді Темірбеков Сенат кулуарында.
Дәстүрлі түрде барлық шығындардың 70-80%-ы сайлау комиссиясы мүшелерінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады. Дегенмен, Үкімет Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) өтінімін мұқият зерделеп, негізсіз шығындарды барынша азайтуға уәде беріп отыр.
Референдумның нақты бюджеті алдағы екі күн ішінде нақтылануы тиіс. Қаражат Үкіметтің резервінен бөлінетін болады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0