Ресей AZAL ұшағы апатынан қаза тапқан қазақстандықтар үшін өтемақы ұсынбаған

Мамыр 21, 2026 - 16:23
chat_bubble  0 visibility  0
Ресей AZAL ұшағы апатынан қаза тапқан қазақстандықтар үшін өтемақы ұсынбаған
Фото: ТЖМ

Вице-премьер Қанат Бозымбаев AZAL ұшағы апатынан кейін Ресеймен өтемақы төлеу мәселесі бойынша қандай да бір келіссөздер жүргізілгені туралы ақпарат естімегенін айтты. Бұл туралы Sadaq.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, қаза тапқандардың туыстарының бір бөлігі өтемақы алып үлгерген. Ал қалған жағдайлар әлі де сот процесі кезеңінде қаралып жатыр.

“Өтемақы төлеуге міндетті тараптар, яғни әзірбайжандық және ресейлік сақтандыру компаниялары көмек көрсетуге дайын. Шешім жақын арада қабылданады. Менің ойымша, олар өтемақыны толық көлемде алады. Азаматтығына қарамастан, барлық жолаушы тиісті төлемді алады”, – деді Бозымбаев.

Журналистердің Ресей Қазақстанға өтемақы төлей ме деген сұрағына вице-премьер “Мен ондайды естіген жоқпын” деп жауап берді.

Сонымен қатар ол Астана мен Мәскеу арасында бұл мәселе бойынша қандай да бір келісім бар-жоғын білмейтінін айтты.

Бозымбаев Қазақстанның Әзірбайжан тарапымен байланыста екенін және жағдайды бақылауда ұстап отырғанын жеткізді. Оның сөзінше, өтемақы тек Әзірбайжан азаматтарына емес, басқа елдердің зардап шеккен тұлғаларына да төленуге тиіс.

“Біз ешқандай кемсітушілік болмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бірақ қазір өтемақы алған адамдардың болуының өзі кемсітушіліктің жоқ екенін көрсететін сияқты”, – деді ол. 

Сонымен қатар вице-премьер кейбір кешігулер өтемақыны алушыларды анықтауға қатысты заңды мәселелерге байланысты екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0