Ресей ІІМ М.Нәрікбаев университетінің оқытушысын «шетел агенті» деп таныды

Наурыз 26, 2025 - 15:21
Ресей ІІМ М.Нәрікбаев университетінің оқытушысын «шетел агенті» деп таныды
kaztag

Ресей үкіметі Қазақстанда жұмыс істейін Екатерина Шульманға іздеу салды, деп хабарлады КазТАГ ақпарат агенттігі.

Саясаттанушының фотосуреті Ресейдің ІІМ-нің базасында пайда болды. Екатерина Шульман 2023 жылдың қаңтар айынан бастап Астанадағы М.Нәрікбаев атындағы университетте профессор болып қызмет атқарған. Нақты айтар болсақ, саясаттану пәнінен сабақ берген.

Алайда университеттің баспасөз қызметі Екатерина Шульманның қазіргі таңда оқу ордасының профессоры емес екенін хабарлады. Онымен еңбек шарты 2024 жылдың 1 тамызында бұзылған екен. 

Сонымен қатар Екатерина Шульман Берлиндегі Ресей мен Еуразияны зерттеу бойынша Карнеги орталығының ғылыми қызметкері болған. 
Ресей тарапының мәліметінше, Шульманға «шетелдік агенттер туралы» заңды бұзғаны үшін айып тағылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow