Ресейдің көлік министрі өзін өзі атып өлтірді

Қасында өзінің сыйлыққа алған Макаров тапаншасы жатқан. Президент Владимир Путин 7 шілде күні Роман Старовойтты Ресей көлік министрі лауазымыннан босатқан болатын.

Шілде 8, 2025 - 10:48
Шілде 8, 2025 - 10:49
Ресейдің көлік министрі өзін өзі атып өлтірді

Ресейдің бұрынғы көлік министрі Роман Старовойт өзіне өзі қол ұмсап көз жұмды. The Moscow News сайтының жазуынша, ол отставкаға кеткеннен кейін бірнеше сағаттан соң атылып өлген. 

Сайттың жауынша, шенеунік Мәскеу түбіндегі Мякинино кентіндегі өз үйінде атылып қалған. Қасында өзінің сыйлыққа алған Макаров тапаншасы жатқан.

«Ресейдің бұрынғы көлік министрі жұмыстан қуылғаннан кейін өлі табылды», – деп жазды күштік құрылымдармен байланысы бар «112» және «Baza» телеграм-арналары.

Тергеу комитеті оның өліміне байланысты тексеріс жүргізіп жатыр. Басты нұсқа – өз-өзіне қол жұмсау. Р. Старовойттың Курск облысындағы резиденциясын соққан компания аймақтағы фортификациялық құрылысқа да жауапты болған және қазір ол іспен тергеу жүріп жатыр. Компания директоры экс-губернаторға қарсы куәлік беруі мүмкін деген болжам бар.

Президент Владимир Путин 7 шілде күні Роман Старовойтты Ресей көлік министрі лауазымыннан босатқан болатын. Бірақ себебі атап көрсетілген жоқ. Старовойт ведомоствоны 2024 жылдың мамырынан бері басқарып келді. Бұған дейін, 2018 жылдың қазанынан Курск облысының губернаторы болды.

Жалпы Ресейде суицид жасаған шенеуніктер саны көбейіп келеді. Р. Старовойт Ресей тарихындағы өз-өзіне қол жұмсаған алғашқы жоғары лауазымды шенеунік емес. Сондай-ақ сол күні «Росавтодордың» бөлім басшысының орынбасары Андрей Корнейчук те жұмыс орнында кенеттен қайтыс болғаны белгілі болды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow