Рината Сұлтанoва Қазақстан құрамасына 2026 жылғы Азия ойындарының алғашқы алтынын сыйлады

Қыркүйек 20, 2026 - 11:10
chat_bubble  0 visibility  0
Рината Сұлтанoва Қазақстан құрамасына 2026 жылғы Азия ойындарының алғашқы алтынын сыйлады
Фото: ҰОК

Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында велошабандоз Рината Сұлтанoвa Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлады, деп хабарлайды sadaq.kz.

28 жастағы спортшы тасжол велоспортынан жекелей жарыста топ жарды. Сұлтанoвa 24,2 шақырым қашықтықты 36 минут 23,72 секундта бағындырды. Мәре сызығын екінші болып қытайлық Хао Чжан (+4,68 секунд) кессе, үшінші болып оңтүстіккореялық Шин Джи Ын (+32,42) келді.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті Рината Сұлтанoвa Азия ойындарында алғаш рет жеңімпаз атанып отыр. Ол Ханчжоу-2022 ойындарында қола жүлдеге ие болған еді.

Сондай-ақ спортшының еншісінде Азия чемпионатының екі алтыны бар. 22 қыркүйекте спортшы Азиададағы бәсекесін тасжол велоспортынан топтық жарыспен түйіндейді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0