«Ол сияқты болмайсың»: Журналист Руслан Өтепбаймен салыстырғандарға жауап берді
Әлеуметтік желіде КТК телеарнасының Атыраудағы тілшісі Жанат Жақсыбайқызы өзін журналист Руслан Өтепбаймен салыстырғандарға жауап берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Желі қолданушысы тілшіге «Руслан ағамдай болмайсыз-ау»,– деп пікір қалдырған.
«Мына қыз сияқты ойдағыларға жазайын. Кейбір көрермендерге де түсінікті болсын.
Руслан тақырыптық бағдарлама тілшісі. Бір тақырыпқа асықпай, зерттеу материалдарын жасайды. Мен жаңалықтардың журналисі. Күнделікті ақпаратпен жұмыс жасаймын. Бір күні экономика, бір күні әлеуметтік мәселе. Бірде қылмыс, бірде апат. Білім, медицина, мұнай, т.б. Бүкіл саланың ақпаратын қамтимыз. Сондықтан біреуді біреумен салыстырып, сол арқылы баға беріп отыру сауатсыздық! Ақкелін болу үшін де ақыл керек-ау?!»,– деп жазды журналист.
Естеріңізге сала кетейік, Жанат Жақсыбайқызы Жангелдинде жоғалған отбасы туралы бірінші болып хабар таратып, жергілікті жердегі әлеуметтік мәселелерді көтеріп жүр. Қазір көпшілік қоғамдағы түйінді мәселелерде Руслан Өтепбайдың көмегіне жүгініп, шешімін тауып келеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0