Сабыржан асаба елден кешірім сұрап, ақталып шыққан қарияға 10 жылқы сыйлады(ВИДЕО)
Танымал асаба Сабыржан 100 жылқы ұрлады деген айыппен сотталып, кейін апелляциялық сотта ақталған ақтөбелік жылқышы Рахат Сәрсеновке 10 жылқы сыйлады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Әлеуметтік желідегі парақшасында ол қарияға арнаған жазбасын жариялап, сыйлықты жуық арада табыстайтынын айтты.
«Атаға ел болып қолдау көрсетіп жатырмыз. Зейнетке шығатын шағында біреудің жаласына қалып, Алланың қалауымен ақталып шықты.
Өз атымнан бес жылқы жіберейін деп отырмын. Қазір бес жылқым дайын тұр. Соны артып жіберейін деп тұрмын. Қысқа қарай тағы бес жылқы қосамын. Барлығы – 10 тұлпар. Бұйырса, аманатым деп күтіп алсын.
Әр қазақ – менің жалғызым. Өзім де малшының баласымын. «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген сөз бар. Сондай-ақ бұған дейін айтқан «өрт көп болсын» деген сияқты артық сөздерім үшін халықтан кешірім сұраймын. Халық айтса, қалып айтпайды. Халықтан асып ешқайда бара алмаймыз. Бір-бірімізді қолдайық», – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін 100 жылқы ұрлады деген айыппен жеті жылға сотталған Рахат Сәрсенов апелляциялық соттың шешімімен ақталып шыққан болатын.
Ал, соңғы күндері Сабыржан Түзелбаев әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жүр. Оның тойда айтқан әзілдері қоғамда қызу пікірталас тудырып, көпшіліктің сынына ұшырады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0