Санжар Тәшкенбай бесінші алтынды қоржынға салды

Маусым 21, 2026 - 15:54
chat_bubble  0 visibility  1
Санжар Тәшкенбай бесінші алтынды қоржынға салды
Фото: boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Қытайдың Гуйян қаласында өткен World Boxing ұйымының Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық былғары қолғап шебері өзбекстандық Асилбек Жалиловпен кездесіп, тартысты жекпе-жекте 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Санжар Тәшкенбай турнирдің алтын жүлдегері атанса, Асилбек Жалилов күміс медальді қанағат тұтты.

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай – әлемнің екі дүркін чемпионы. Ол 2023 жылы IBA нұсқасы бойынша, ал 2025 жылы World Boxing ұйымы аясында әлем чемпионы атанған. Сондай-ақ, 2022 жылғы Азия чемпионы. Ал оның қарсыласы Асилбек Жалилов – 2025 жылғы IBA әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2024 жылғы Азия чемпионы және World Boxing Әлем кубогының екі дүркін жеңімпазы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0