Сәтбаев университетінің бұрынғы басшылығы 2500 шаршы метр жатақхананы сатып жіберген

Мамыр 21, 2025 - 15:40
Мамыр 21, 2025 - 16:17
Сәтбаев университетінің бұрынғы басшылығы 2500 шаршы метр жатақхананы сатып жіберген

Алматы қаласындағы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің  жатақханасы мемлекет меншігіне қайтарылды.

“Түрксіб ауданының прокуратурасы «Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ мүлкін заңсыз иеліктен шығарылғанын анықтады. Тұрғын-үй алаңының жетіспеушілігіне қарамастан, университеттің бұрынғы басшылығы тиісті тендер ұйымдастырмастан және өткізбестен жалпы ауданы 2500 м2 астам жатақхананы жеке ЖОО-ға заңсыз жалға пайдалануына берген. Кейіннен мәміле жасасу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын бұза отырып ЖОО осы үй-жайды сатып алған.Бүгінгі таңда әкімшілік корпустың жатақханасы мақсатына қарай пайдаланылмай, бизнестің түрлі салаларының қызмет көрсетуіне жалға беріліп келген”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Соттардың заңды күшіне енген шешімдерімен, Түрксіб ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша даулы әкімшілік ғимараты ұлттық университетке қайтарылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow