«Сәтпаев орысша естіледі»: Әбдіжаппар Әлқожа Дастанға тегін «Сәтбай» деп өзгертуді ұсынды
Әнші Әбдіжаппар Әлқожа қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаевтың тегіне қатысты пікір білдіріп, оны «Сәтбай» деп өзгертуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды sadaq.kz.
Өнер иесі бұл ойын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Дастан Сәтпаев "Челси" сапындағы алғашқы голын соқты. Бірақ шетелдік комментаторлардың бәрі оның тегін "Сәтпаев" деп айтып жатыр. Неге тегін "Сәтбай" деп өзгертпеске? Жанкүйер ретінде осындай ұсыныс айтсақ деймін. Құжаттағы тегі өзгермесе де, кем дегенде футболкасының артында "Сәтбай" деп жазылса, өте жақсы болар еді. "Сәтпаев" деген атау бәрібір орысша естіледі», – деді әнші.
Әбдіжаппар Әлқожа бұл бастамасын жанкүйерлердің қолдауына ұсынып, Дастан Сәтпаевқа тегін ұлттық үлгіге жақындатуды ұсынды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0