Саусақтарын балтамен шауып тастаған мұғалімге қатысты сот үкімі шықты

Шілде 1, 2025 - 16:23
Саусақтарын балтамен шауып тастаған мұғалімге қатысты сот үкімі шықты

Оқиға биыл 19 сәуірде Қызылорда облысында болған, деп жазады Sadaq.kz. 

Тергеу мәліметінше, таңғы сағат 4:00-де шырт ұйқыда жатқан әйелді күйеуі балталап тастаған. Педагог өткір құралдың жүзімен жұбайының басын, иығын және қолын шапқан. Сосын өзі сыртқа шығып кеткен.

Ал шошып оянған қызы қан-жоса болған анасын көріп, дереу көмек шақырған. Жедел жәрдем қызметкерлері 42 жастағы жәбірленушіні аман алып қалды. Дегенмен бес баланың анасы мүгедек болып қалды.

Мұғалімнің қылмысы сотта толық дәлелденді. Ол 15 жылға сотталды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow