«Сайқымазақ тамада сияқты»: Ерекше баласы бар ананы кемсіткен коуч кешірім сұрап, қажылыққа жолдама сыйлады
Әлеуметтік желіде танымал коуч Бақытбай Сабырбеков ерекше баласы бар ананың сырт келбетіне мін айтқаны үшін халық алдында кешірім сұрады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Еске сала кетейік, Бақытбай Сабырбеков семинарларының бірінде сұрақ қойған ананы келемеждеп сынға қалған еді.
«Мама! Мен сізді шамамен 48 жаста шығар деп ойладым! Қатты шаршағансыз! 42 жаста болса да менімен шамалас көрінетін әйелдер отыр ғой. Алты баласы бар. Неге өзіңізге қарамайсыз?”, – деген сөзі халықтың ашуын туғызды.
Халықтың резонансынан кейін кешірім сұрап, 2 адамға қажылық сыйлады.
«Кеше ерекше баласы бар әйелмен әңгіме болған. Балжан ханым, ауыр сөздер айтқаным үшін сізден бүкіл халықтың алдында иіліп тұрып кешірім сұраймын. Негізі ерекше баланың анасы болу батырлық қой. Ол 30 минуттық әңгіменің тек 3 минуты ғана. Бізді көріп отырғандар адамдардың да көңіліне кірбің түсірсек, кешірім сұраймыз. Ниетіміз түзу болған еді”, – деді ол.
Ерекше баланың анасы Балжан ханым кешірімді қабыл алып, баласының сауығуы үшін қажылыққа барғысы келіп жүрген айтып көңілі босады.
Желі қолданушылары: «Сонда да эгосы жібермей тұр», «Одан да баланың еміне көмектессін», «Халық шуламағанда жабулы қалатын еді», «Мәдениеттен ауылы алыс болып тұр», «Қателеспейтін адам жоқ», «Кешірімнің өзі жақсы қадам», – деп пікірлерін жарыса жазуда.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
1
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0