«Сенім жоғалды»: Желіде банктердің ұтыс ойынын өтірік өткізетіні әшкере болды (ВИДЕО)

Желтоқсан 26, 2024 - 17:10
«Сенім жоғалды»: Желіде банктердің ұтыс ойынын өтірік өткізетіні әшкере болды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Қазақстандағы «Береке» және «Банкцентркредит» банктерінің ұтыс ойындарында бір клиент жеңімпаз атанған, деп хабарлайды sadaq.kz порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.

«Береке» банкі клиенттері арасында 1 млн теңге ойнатса, «Банкцентркредит» 2,5 млн теңгенің кез келген бағыттағы саяхатын ұтысқа салған. Әлеуметтік желіде банк оқырмандары бұл әрекетті сыбайластыққа балап, жалған ұтыс ойнатқаны үшін оларды сөккен.

«Ашықтан ашық өтірік айтып отырсыздар. Сіздерге деген сенім жоғалды. Сіздер біз білмей қалады деп ойлайсыздар ма? Тек блогерлер ғана осылай алдайды деп ойлайтын едік», - деп жазған желі қолданушылары.

Ал банк өкілдері бұл ұтыстар шынайы өткенін айтты. Екі ұтыста да жеңімпазды рандомдық сан арқылы таңдаған.

 «Сәттілік кейде күтпеген жерден болады. Біздің банктің клиенті бізден ғана емес, басқа банктен де ұтыс ұтып алғанына қуаныштымыз. Ұтыс акция шарттарын орындаған барлық клиент арасында конкурстық негізде өткізілді. Нәтижелер әділ және кездейсоқ түрде анықталды», - дейді «Береке» банк менеджері Санат.

Ал Санжар Даулетов қазақстандық IT компаниясында қаржы директоры болып қызмет етеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bereke Bank (@berekebank)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow