«Сенің әскеріңбіз»: ММА шебері Семейде соққыға жығылған баланы Астанаға шақырды

Спортшы Семейдегі даудағы ең қорқыныштысы жетім баланы соққыға жығу екенін айтты.

Ақпан 28, 2025 - 14:00
Ақпан 28, 2025 - 15:39
«Сенің әскеріңбіз»: ММА шебері Семейде соққыға жығылған баланы Астанаға шақырды
Коллаж: Orda.kz

МMA жауынгері Тахтай Василий Семейде әлімжеттікке ұшыраған 11 жастағы баламен сөйлесті, деп хабарлайды Orda.kz.

Тахтай Василий Әлинұрды Астанаға шақырып, өзге де спортшылармен таныстыратынын айтты.

«Мен сені Астанаға қонаққа шақырамын. Маған кел. Менде 3 мың спортшы бар. Бұның бәрі сенің ағаларың. ММА спортшылары сенің әскерің. Әлинұр, біз сенімен жуырда жақынырақ танысамыз. Менің нөмірімді сақтап ал және кез-келген уақытта маған хабарлассаң болады. Өміріңде келеңсіз жағдай болып қалды. Сол себепті біз танысып жатырмыз. Бұл Құдайдың ісі. Сенімен кездесуге асығып жүрмін. Сонымен қатар сені көргісі келетін көптеген адамдар бар», - деді спортшы өз сөзінде.

Тахтай Василий әлеуметтік желіде жазба жариялады. Ол кім мықты екенін дәлелдейтін кездер барлық жігіттердің басынан өтетінін айтты. Бұрын бәрін көше тәрбиелегенін жеткізді.

«Бірақ адам жануардан ерекшеленеді. Ол әлсіз адамды төмендетпей, қорғану қажет болған кезде ғана күш қолдануы керек» деп жазды ол. Спортшы Семейдегі даудағы ең қорқыныштысы жетім баланы соққыға жығу екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow