«Шаршадым»: Динара Сәтжан желіде оқырмандарына сыр шертті
Қазақстандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан желіде оқырмандарымен сыр шертіп, соңғы уақытта қатты шаршап жүргенін айтты. БАҚ өкілі тоқтаусыз іс-сапарлар денсаулығына әсер етіп жатқанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Динара Сәтжан тығыз жұмыс кестесіне Instagram-дағы парақшасында шағымданды. Тележүргізуші тоқтаусыз жұмыс сапарлардан шаршағанын алға тартты. Сол себепті ол келер жылы ұшақпен ұшуды барынша қысқартуды шешкен.
"Қайтадан әуежайда отырып, өз ресімді күтіп отырмын. Шаршағанымды түсіндім. Сол себепті келесі жылы ұшақпен ұшуды барынша қысқартамын деп шештім. Тек демалысқа ғана ұшамын. Алматыға екі айда бір рет қана барамын. Тек маңызды түсірілімдер үшін ғана барамын", - деп жазды Динара Сәтжан.
Сіздің реакцияңыз қандай?