Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі бесінші сәбиін дүниеге әкелді
Қазақстандық UFC спортшысы Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жұбайы Гүлайым Рахмонова қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ол бесінші сәбиін дүниеге әкелгенін хабарлап, Instagram парақшасында жаңа туған нәрестенің суретін жариялаған. Дегенмен, әзірге сәбидің жынысы мен есімі, нақты қай күні дүниеге келгені туралы ақпарат айтылмады.
Бұған дейін оның бесінші баласына жүкті екені белгілі болған еді.
Еске сала кетейік, осыған дейін Гүлайым Рахмонова Шавкат Рахмоновпен ажырасқанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ ол спортшының неке келісімшартына қол қоюды ұсынғанын да айтты.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0