Шегіртке шабуылы, гендер пати: Алматыдағы Джей Лоның концерті қалай өтті?

Алматының Орталық стадионында жылдың басты музыкалық оқиғалардың бірі Дженнифер Лопестің Up All Night атты әлемдік туры аясындағы концерті өтті,- деп жазады Sadaq.kz.
Әнші бұл турмен алғаш рет Қазақстанға келіп, алдымен Астанада, ал кеше Алматыда өнер көрсетті.
Концерттің қызған шағында күтпеген сәт орын алып, көрермен тарапынан түрлі пікір, мемдер тарап кетті.
Әлеуметтік желіде тараған видеода әншінің сахнада әнін енді айта берген кезінде көйлегіне шегіртке өрмелеп шығып, мойнына тұрақтайды. Лопес әнін тоқтатпай, сабырмен жәндікті алып, сахнаның шетіне сілкіп тастады.
Әнші жанкүйерлеріне қарап «ол мені қытықтап тұрды», — дейді жымиып.
Ал бұған көрермен түрлі пікір қалдырған.
«Шегірткенің атын Дженнифер қойыңдар», «Ең бақытты шегіртке болып тұр ғой», «Джей Ло, шегірткеге ренжіме, ауылда өскен шегіртке болып тұр ғой», деп әзілдеп жатыр жұрт.
Концерттегі қызықты жайттар мұнымен бітпейді.
Бұл кеш жас отбасы үшін ұмытылмас күнге айналды. Алдыңғы қатарда тұрған жас жұбайлар әншіге шағын конверт ұсынып, болашақ сәбилерінің жынысын анықтап беруін өтінеді. Конвертті ұзақ күттірмей ашқан әнші сәбидің қыз бала екенін айтады.
Әкімдік ұсынған ақпаратқа сүйенсек, стадионда 20 мыңнан астам көрермен жиналған, олардың қатарында 35-тен аса елден келген мыңдаған шетелдік турист бар.
Сіздің реакцияңыз қандай?






