«Шерзатты емес, Нұрқанатты пышақтадым»: күдікті Шынасыл алдыңғы берген жауабынан айнып қалды

Шерзат Полаттың өліміне байланысты басты күдікті Абзал Шынасыл сотқа дейінгі тергеу кезінде берген жауаптарынан бас тартты. Ол марқұм Шерзат Полатқа пышақ салмағанын, оның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевты пышақтағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Абзал Шынасыл жанындағы айыпталушылармен Шерзат пен Нұрқанатқа кімнің пышақ салғанын ойласып алған.
Тергеуде берген жауабында күдікті қылмыстық жауапкершіліктен қорқып, өз кінәсін мойындамау үшін Нұрқанат Ғайыпбаевқа ғана пышақ сұғып алғанын, кейін өзінің қателік жасағанымды түсініп, өз істегенін толық мойындау үшін Шерзат Полатқа пышақ сұғып алғанын мойындағанын айтады.
«Шындығымды айттым. Ал Нұрқанатпен беттестіру барысында, оған да (Шерзат Полатты айтып тұр-ред.) пышақ сұғып алдым деп көрсете салдым. Бірақ мен оған пышақ сұққан жоқпын. Бұлай айтқан себебем, мен адам өлтіру қылмысы бойынша сотталып жатқандықтан, барлық кінәні өз мойныма ала салайын деген ойым болды. Қазіргі уақытта маған қорғаушыларым тек шындықты айту керек екенін түсіндірген соң, мен шындығымды айтып отырмын. Яғни мен Шерзатқа бір мәрте пышақ сұғып алдым. Осы соңғы жауабым», - деген еді.
Бүгінгі сот отырысында Шынасыл Шерзат Полатқа пышақ сұққанын мойындамай қойды.
«Ол жауапты өз ойымнана құрастырып айттым. Кейін ойландым, оны мен істеген жоқпын. Шерзатқа пышақ салған жоқпын, мен Ғайыпбаев Нұрқанатқа пышақ салдым», - деді ол.
Сот отырысында Абзал Шынасыл өзін видеоға түсіруге рұқсат берді. Сонымен қатар ол төбелес кезінде Шерзатты теуіп, Нұрғанатқа үш рет пышақ сұққанын растады.
Еске сала кетейік, қазір16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процессі өтіп жатыр. Сотты біздің ютуб-каналдан онлайн көре аласыздар.
Сіздің реакцияңыз қандай?






