Шетел азаматтарына ЖСН беру тоқтатылды
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан шетел азаматтарына уақытша ЖСН беру ісі тоқтатылды.
«Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру» пилоттық жобасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдік азаматтарға ЖСН беру уақытша тоқтатылды», деп хабарлады Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі.
Пилоттық жоба жүзеге асырылып жатқан Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері тізімінде республиканың 96 елшілігі мен консулдығы бар.
2024 жылы шетелдік 435 408 азаматқа Қазақстанның жеке сандық нөмірі берілген. Оның ішінде 233 013-і Ресей, 121 719-ы Өзбекстан, 13 846-ы Тәжікстан, 9308-і Қырғызстан азаматтарына тапсырылған.
Сіздің реакцияңыз қандай?