Шымкент тұрғыны полицейді пышақтап тастады

Енді ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қыркүйек 1, 2024 - 19:42
 0  72
Шымкент тұрғыны полицейді пышақтап тастады
фото: видеодан скриншот

Бүгін Шымкентте потрульдік полиция қызметкерін пышақтап кетті, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

«Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында патрульдік полиция полкі инспекторының арқасынан ер адам пышақпен ұрған», - деп мәлімдеген Шымкент қалалық полиция департаменті. 

Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 380-бабымен («Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері») қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0