Шымкентте екі жұмысшы уланып, қайтыс болды
Алдын ала мәлімет бойынша, 20-22 жастағы үш жұмысшы қала орталығындағы терең шұңқырға түскен.
Шымкентте су құбырын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, 20-22 жастағы үш жұмысшы қала орталығындағы терең шұңқырға түскен. Олар біраз уақыттан кейін қайта шықпаған. Әріптестері жағдайды байқап, соңдарынан түскен.
Құтқарушылар жұмысшыларды сыртқа алып шыққанымен, екі жігіттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Үшінші жұмысшы аман қалып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.
Полицияның мәліметінше, жұмысшылар құдық ішіндегі улы газдан уланған болуы мүмкін. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты тұлғалар анықталып жатыр. факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.