Шымкентте пластикалық ота жасаған әйелдің бір көзі көрмей қалды
Шымкентте пластикалық хирург заңсыз медициналық қызметпен айналысқаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Шымкентте сот тиісті маман сертификаты мен лицензиясынсыз пластикалық хирургия саласында заңсыз қызмет көрсеткен тұлғаға қатысты қылмыстық істі қарады.
Сот барысында анықталғандай, ол арнайы талаптарды сақтамастан әйел адамға блефаропластика жасаған. Ота сәтсіз аяқталып, пациенттің денсаулығына ауыр зиян келген.
"Ол жәбірленушіге блефаропластика операциясын жасағаны, нәтижесінде жәбірленуші бір көзімен көру қабілетін толық жоғалтқаны анықталды", - делінген хабарламада.
Сот үкімімен хирург Қылмыстық кодекстің 322-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ 3 жыл мерзімге медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Абай ауданының прокуратурасы тиісті лицензиясы мен біліктілігі жоқ тұлғалардың медициналық қызметіне жүгіну азаматтардың өмірі мен денсаулығына ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.
Прокуратура медициналық көмекті тек лицензиясы бар медициналық ұйымдар мен білікті мамандардан алуға шақырады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0