Шымкентте үш жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті

Тамыз 5, 2026 - 16:24
chat_bubble  0 visibility  1
Шымкентте үш жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Фото: Ашық дереккөз

Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін, 5 тамызда, Қаратау ауданындағы Нұрсәт шағынауданында болған, деп хабарлайды Sadaq.kz.

2023 жылы туған сәби ересектердің қарауынсыз қалып, абайсызда көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Өкінішке қарай, бала оқиға орнында көз жұмды.

2026 жылдың басынан бері Шымкентте балалардың терезеден құлауына байланысты 9 оқиға тіркелген. Оның 4-еуі қайғылы жағдаймен аяқталса, тағы 5 бала түрлі жарақат алған.

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды кішкентай балаларды тіпті бірнеше минутқа да қараусыз қалдырмауға шақырады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0