Шымкентте жас қызды өлтірді деген күдікке ілінген жігіт іздестіріліп жатыр

Қаңтар 12, 2026 - 12:30
 0  1
Шымкентте жас қызды өлтірді деген күдікке ілінген жігіт іздестіріліп жатыр

Шымкентте 21 жасар қызды өлтірді деген  күдікпен 1997 жылы туған Аймахан Шерхан Әлмаханұлы іздестірілуде, деп хабарлайды Sadaq. kz. 

Күдікті оқиға орнынан HYUNDAI MUFASA маркалы, мемлекеттік нөмірі 015 AUY 17 автокөлігімен бой тасалаған.

Полиция күдіктінің немесе аталған көліктің жүрген жері туралы қандай да бір мәліметі бар азаматтарды 102 нөміріне хабарласуға шақырады.

Еске сала кетейік, 11 қаңтар күні 11 қаңтар күні кешкі уақытта  Төлеметов пен Өтегенов көшелерінің қиылысында 21 жасар қыздың мәйіті табылды. 

Алған жарақаттарының салдарынан бойжеткен оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0