Шымкенттің атышулы экс-әкімі лауазымды қыметке тағайындалды

Қаңтар 9, 2026 - 17:20
chat_bubble  0 visibility  80
Шымкенттің атышулы экс-әкімі лауазымды қыметке тағайындалды
Фото: sputnik.kz

Атышулы шенеунік Ғабидулла Әбдірахымов енді Samruk-Kazyna Construction акционерлік қоғамының басқарма төрағасының операциялық қызмет жөніндегі орынбасары қызметін атқарады, деп жазады sadaq.kz.

Қордың ресми сайтында бұл тағайындау әзірге көрсетілмегенімен, баспасөз қызметі Ғабидулла Әбдірахымовтің жаңа қызметке 2025 жылғы 29 желтоқсанда кіріскенін растады. Бұл экс-әкімнің соңғы бірнеше жылдағы алғашқы қоғам алдындағы бой көрсетуі.

Топ-менеджердің жаңа жұмысқа шыққаны шенеуніктің Түркістан облысына жасаған сапары кезінде мәлім болды.

«Түркістан БГҚ» сайтында ол туралы материал жарияланды. Жұмыс сапары барысында Әбдірахымов осы өңірдегі электр станциясы құрылысының барысын тексерген.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0