ШҚО-да жұмысшы қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында жұмысшы жүк тиегіш көлікке тапталып, қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
ШҚО Полиция департаменті BAQ.KZ сауалына жауап жолдап, 56 жастағы жұмысшының қаза тапқанын растады.
1Шығыс Қазақстан облысының 56 жастағы тұрғынының қайтыс болуына байланысты Глубокое ауданының полиция бөлімі еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлайды. Қазіргі уақытта істің мән-жайларын толық, объективті және жан-жақты зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде1, - делінген жауапта.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0