Шұғыл: Мәжіліс депутаттары маска тағып жүретін болды

Мұндай оқыс шешімге бас санитарлық дәрігер Айгүл Темірғалиеваның арнайы қаулысы себеп болған.

Ақпан 8, 2024 - 12:23
Ақпан 8, 2024 - 12:23
Шұғыл: Мәжіліс депутаттары маска тағып жүретін болды

Бүгіннен бастап Мәжіліс депутаттары маска тағып жүретін болды. Мұндай оқыс шешімге бас санитарлық дәрігер Айгүл Темірғалиеваның коронавирус қаупінің қайта күшеюіне байланысты шығарған 6 ақпандағы қаулысы себеп болып отыр, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

 Қаулыда «7 ақпаннан бастап жиналыстар мен басқа да бұқаралық іс-шаралар онлайн форматқа ауыстырылады немесе маска режимі мен санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі.

"Осыған орай, Мәжілістегі іс-шараларға қатысатын журналистерден шектеулер ресми түрде жойылмайынша жоғарыда аталған шараларды сақтауды сұраймыз. Ғимаратқа кірер кезде өзіңізбен бірге медициналық маскалар алып келуіңізді сұраймыз», - делінген.

Енді жаңа қаулыға сәйкес. Парламент Мәжілісі ғимаратының аумағында коронавирустық инфекцияға қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты міндетті түрде бетперде кию режимі және басқа да алдын алу шаралары енгізілетін болады.

Естеріңізде болса, бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов коронавирус жұқтырып алуына байланысты жалпы отырысқа коронавирус жұқтыруына байланысты қатыса алмай жүргені белгілі.  Сонымен қатар, кешеден бері Президенттің кеңесшісі Қанат Бозымбаевтың та коронавирус жұқтырып алғаны туралы ақпарат тараған еді.  Бүгін бұл ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі де растады.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow