СҚО-да өрттен екі адам қаза тапты

Қаңтар 12, 2026 - 11:58
 0  1
СҚО-да өрттен екі адам қаза тапты
Фото: ТЖМ

11 қаңтар күні кешкі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Майбалық ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Оқиға орнынан өрт сөндірушілер екі адамның мәйітін тапты. Тілсіз жау 64 шаршы метр аумақты шарпыған. 

Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар оқиға орнына жеткенде үй толықтай өртеніп, қираған. Құтқару және үйінділерді тазалау барысында ер адам мен бір баланың мәйіті табылды. Қазір екінші баланы іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0