«Сотталып кеткенім артық»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі ештеңеден тайынбайтынын айтты

Қазан 8, 2025 - 17:25
«Сотталып кеткенім артық»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі ештеңеден тайынбайтынын айтты
Фото: видеодан скрин

Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев желідегі парақшасында видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Сөзінше Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында өтірік жоқ, сұраған адамның бәріне бірдей жауап беріп отырмас үшін актер осындай қадамға барған.

"Маған осы уақытқа дейін қаншама адамнан қоңырау түсті. Әрқайсына жеке-жеке жауап беріп жатпайын деп Нұрсейіт Жылқышыбай бауырыма сұхбат берейін деп шештім. Ал сол уақытқа дейін менің қандай күйде болғанымды өзімнен басқа ешкім білмейді. Мен сол уақыт арасында өзіме өзім қол жұмсауға дейін бардым, көшеге шығудан қалдым. Мен олай әр адамға мазақ болғанымша сотталып кеткенім артық. Менің үстімнен қандай арыз-шағым түсірсе де өз шындығымды айтамын. Шындық детекторына да отыруға дайынмын", - деді ол. 

Айта кетейік, заңгер Айгүл Орынбек журналист Нұрсейіт Жылқышыбай мен Дархан Мұсаевтың үстінен ресми арыз түсіргенін хабарлаған еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow