Спорт федерацияларының ақшасын тексеретін комиссия құрылды

Қазан 10, 2024 - 22:49
 0  58
Спорт федерацияларының ақшасын тексеретін комиссия құрылды

Қазақстанда спорт федерацияларының ақшасын тексеретін комиссия құрылды. 

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиада жүлдегерлерімен кездескен кезде спортта басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруды, оның ішінде өңірлерде спорт түрлерін қаржыландыру саясатын айқындауды тапсырған болатын", - деп хабарлады туризм және спорт министрлігі.

Министрлік дәл осы тапсырманы орындау үшін жұмыс тобын құрған.

"Жұмыс тобы республикалық федерациялардың қызметіне талдау жүргізіп, олардың қаржыландыру тәсілдерін қайта қарайды. Сондай-ақ спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастыру тетіктерін пысықтайды. Сонымен қатар басым спорт түрлерін нақтылау, өңірлердегі спорт саласына жауапты басқарма басшыларын тағайындауды уәкілетті органмен келісу секілді ұсыныстар береді", - деп жазған министрлік ресми ақпаратында.

Дереккөзге сүйенсек, жұмыс тобының құрамына министрлік пен аймақтық дене шынықтыру және спорт басқармаларының қызметкерлері енді. Қазір олар өңірлерді аралап жүр.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0