«Станок қысып қалған»: Оралдағы зауытта жұмысшы қайтыс болды

Полицейлер бұл жағдай жөнінде ақпаратты кейінірек беретінін айтқан. 

Мамыр 28, 2024 - 12:17
Мамыр 28, 2024 - 12:49
«Станок қысып қалған»: Оралдағы зауытта жұмысшы қайтыс болды
Фото: pixabay

Оралдағы кірпіш зауытында қайғылы жағдай болды – 51 жастағы жұмысшы жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Басылымның БҚО денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап жазуынша, 27 мамырда кірпіш шығаратын зауытта жұмысшыны станок қысып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Көптеген дене жарақатын алған ер адам жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. БҚО бойынша еңбек инспекциясы басқармасы жұмысшы қазасының мән-жайын анықтайтын арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді.

"Қорытындысы тергеуден кейін белгілі болады. Ол 10 жұмыс күніне созылады. Қажет болса, мерзім екі рет ұзартылуы мүмкін", - дейді Батыс Қазақстан облысы еңбек инспекциясы бойынша басқармасы басшысының орынбасары Арман Тұйғынбетов.

Полицейлер бұл жағдай жөнінде ақпаратты кейінірек беретінін айтқан. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow