Степногорсктегі ЖЭО-да апат болып, бір жұмысшы қаза тапты

Тамыз 27, 2025 - 10:56
 0  25
Степногорсктегі ЖЭО-да апат болып, бір жұмысшы қаза тапты
Фото: Pixabay.com

Степногорск қаласындағы жылу электр орталығында апат болып, бір жұмысшы қаза тапты. Тағы үш адам зардап шекті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Оқыс оқиға Степногорск ЖЭО-дағы монтаж жұмыстары кезінде болған. Апат салдарынан бір жұмысшы қаза тауып, тағы үш жұмысщы әртүрлі дәрежедегі жарақат алды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір апаттың мән-жайын және себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде.

"Тексеру нәтижесі бойынша лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады", – деп облыстық полиция департаментінің хабарламасында. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0